Сатылатын мүліктің қазіргі иесі – Қырғыздың министрлер кабинеті.
MERCEDEC-BENZ, BMW ALPINA XB7: Қамшы Көлбаевтың көліктері аукционға қойылды
906
оқылды

Қырғыз Республикасының мемлекет мүлкін басқару агенттігі жақында көз жұмған қылмыс әлемінің серкесі Қамшы Көлбаевқа тиесілі алты автокөлікті сатылымға шығарды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кабар агенттігінің жазуынша, марқұмның отбасы көліктерді өз ерітерімен мемлекеттің меншігіне өткізген.

Аукционға қойылған автокөліктер:

  • - MERCEDEC-BENZ S600, 2017 жылы шыққан. Бастапқы бағасы – 25 млн 500 мың сом;
  • - BMW ALPINA XB7, 2021 жылы шыққан. Бастапқы бағасы - 18 млн сом;
  • - MERCEDEC-BENZ G500, 2013 жылы шыққан. Бастапқы бағасы - 5 млн 400 мың сом;
  • - HYUNDAI GENESIS, 2019 жылы шыққан. Бастапқы бағасы - 2 млн 800 мың сом;
  • - TOYOTA LAND CRUISER PRADO, 2005 жылы шыққан. Бастапқы бағасы – 1 млн 250 мың сом;
  • - KIA RIO X-LINE, 2019 жылы шыққан. Бастапқы бағасы - 1 млн 150 мың сом.

Аукцион өтетін орын – auctionetp.gov.kg электрондық сауда алаңы.

Өтініштер 20 қараша 10.00-де басталып, 11 желтоқсан күні 10.00-де аяқталады.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанда атышулы қылмыстық авторитет Қамшы Көлбаевты ұстауға бағытталған арнайы операция жүргізіліп, атыс кезінде ол қарсылық көрсетіп, ҰҚК арнайы жасағының күшімен көзі жойылған болатын.