Бұл туралы «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметі хабарлады.
Үш облыста ауа райына байланысты жолдар жабылды
Фото: astanatv.kz
4,731
оқылды

Қазақстанның 3 облысындағы 8 жол учаскесінде екпінді жел мен қатты жаңбырға байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметінің мәліметінше, күтіп-ұстау жұмыстарына 170 бірлік арнайы техника мен 240 маман жұмылдырылған.

Ақмола облысында:

Қостанай – Әулиекөл – Сұрған күре жолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;

Жақсы – Есіл – Бұзылық жолының Жақсы ауылы мен Бұзылық ауылы арасы;

Жезқазған – Петропавл күре жолының СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;

Екатеринбург – Алматы тасжолының СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы.

 

Солтүстік Қазақстан облысында:

Жезқазған – Петропавл күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Дружбинское ауылына дейін;

Екатеринбург – Алматы күре жолының Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық.

 

Қостанай облысында:

Қостанай – Әулиекөл – Сұрған күре жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін;

Жезқазған – Петропавл тасжолының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығында жол жабылды.