Ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасы жүргізілді.
Петропавлда жасөспірім көшедегі жүргіншіні пышақтады деген күдікпен ұсталды
728
оқылды

Петропавлда өтіп бара жатқан адамды пышақтады деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Сейфуллин көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында жанжал кезінде белгісіз біреулер 51 жастағы ер адамды пышақтап, соның салдарынан ол ауруханаға жеткізілген.

«Петропавл қалалық ПБ қызметкерлері бұзақылық жасаған облыс орталығының 20 және 17 жастағы үш тұрғынын анықтап, ұстады. Алдын ала анықталғандай, жәбірленушіні бұрын түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылған 17 жастағы жасөспірім пышақтап кеткен», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасы жүргізіліп жатыр.

Фото: Halyq Uni