Өнер иесі бастапқыда «Дос-Мұқасан» ансамблінің солисі болған.
"Дос-Мұқасанның" әншісі Ақжол Мейірбеков дүниеден озды
20,840
оқылды

Қайғылы жағдайды БАҚ-қа Ақжол Мейірбековтің қызы растаған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.  1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданады да, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде ән салған. Әнші 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды.

Ал 2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрды. Музыкант 2010 жылы қайтадан «Дос-Мұқасан» тобына оралып, осы күнге дейін ансамбльдің әншісі болды.

Ол Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрмет орденінің иегері және Ерен еңбегі үшін медалінің иегері атағына ие.

Мейірбеков Шарипа ханымға үйленіп, сол некесінен 1 қыз, 2 ұл сүйді. Луиза, Сұлтан және Тимур есімді балаларынан 8 немере мен 1 шөбере көрді.