Ұлттық ұланның баспасөз қызметі бұл оқиғаны тәртіпсіздік деп атады.
Өзбекстанда қазақ рэпері Jah Khalib-тің концертінде төбелес шықты
5,708
оқылды

25 қараша күні Ташкенттегі Humo Arona кешенінде қазақcтандық рэпер Jah Khalib-тің концерті болды, алайда мәдени шараның барысында шу шығып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өзбекстандық Ұлттық ұланның арнайы жасағына қоғамдық тәртіпті ретке келтіруге тура келген.

Әлеуметтік желілерде қалың кезектің, бір-бірін итеріп және төбелесіп жатқан адамдардың бейнежазбалары пайда болды. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, олар алыпсатарлардан билет сатып алып, жалған болып шыққандықтан концертке кіре алмаған. 

“Қоғамдық тәртіпті бұзды деген күдіктілерді Ұлттық ұлан қызметкерлері аренадан тыс жерге әкетіп, ықтимал жанжалды оқиғалардың алдын алды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиғаға байланысты тексеру жүргізілуде, – деп хабарлады Ұлттық ұлан.