Бүгін "Қазақмыс" корпорациясының Жамбыл облысындағы "Жайсан" кенішінде екі жұмысшы қаза тапқан болатын.
Екі жұмысшының өлімі: Қазақмыс барлық жерасты кеніштеріндегі жұмысты тоқтатты
676
оқылды

Компаниядағы қайғылы оқиғадан соң, жерасты кеніштеріндегі барлық жұмыстар тоқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Барлық жұмысты тоқтату үкімі бүкіл ереже бұзушылықтар анықталып, жойылмайынша өз күшінде болады. Компания басшылығы тексерістің барлық кезеңі үшін тоқтатылатын шахта бригадаларына еңбекақыны толық төлеу туралы шешім қабылдады.

"2023 жылғы 27 қарашада Жайсан кенішінде болған топтық апатқа байланысты «Қазақмыс» компаниялар тобының басшылығы корпорацияның барлық жерасты кеніштеріндегі тау-кен және күрделі жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады. Кеніштерде ішкі экспорттық комиссия инспекциялары құрылды. Комиссияларды кәсіпорындардың бас инженерлері басқарады. Басталған тексерістер өндірістік ереже бұзушылықтарды, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы ереже бұзушылықтарды егжей-тегжейлі анықтауға бағытталған", – деп жазды «Қазақмыстан».