Карантин шектеуі енгізілмейді және енгізу жоспарланып отырған жоқ.
"Қарашада 6 мың бала қызылша жұқтырған":  ДСМ карантин енгізуге қатысты мәлімдеме жасады
Фото: elements.envato.com
579
оқылды

ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова балалар арасында қызылша ауруы кеңінен тарап жатқанына қарамастан Қазақстанда карантин жарияланбайтынын айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Қызылша вакцина арқылы бақылауға болатын инфекция түріне жатады. Сондықтан карантин шектеуі енгізілмейді және енгізу жоспарланып отырған жоқ. Біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз", - деді комитет төрағасының орынбасары Үкіметтің баспасөз орталығында

Зәуре Ахметова комитет аурудың жеке ошақтарымен күресетінін жеткізді. Мұндай ұйымда карантин шектеуі енгізілуі мүмкін.

"Егер балалар ұжымында көп адам сырқаттанғаны байқалса немесе қызылшаға қарсы екпе алмаған балалардың саны рұқсат етілген шекті деңгейден асатынын анықтасақ, онда дәл осы ұйымда: мектепке дейінгі ұйым, мектеп, жоғары оқу орны немесе колледжде жеке шара қабылданады", - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында елімізде қызылша ауруы өршіп тұрғаны хабарланған еді. Биыл қараша 6 мың бала қызылша жұқтырған.