Күдікті мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алып беруге уәде еткен.
Өскемендік әйел пәтер алып беремін деген алаяққа 7 миллион  теңге берген
918
оқылды

24 жастағы әйел Өскемен қалалық Полиция басқармасы Ертіс полиция бөлімшесіне келіп, алданып қалғанын жеткізді, деп жазды Aikyn.kz. 

Оның айтуынша, осы жылдың сәуір айында танысы мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесе алатынын айтқан. Бұған сенген жәбірленуші 7 млн теңгесін бере салған. Алайда сегіз айдың ішінде ол пәтерді де, ақшасын да ала алмады.

"Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні ұстады. Ер адам өз кінәсін толықтай мойындаған", деп жазды құзырлы органнан.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне ("Алаяқтық") сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.