Баланы іздеуге полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылған.
Түркістан облысында ойнап кетіп, оралмаған 4 жасар баланы іздеуге еріктілер кірісті
1,531
оқылды

Түркістан облысында ойнауға кетіп, қайта оралмаған 4 жасар Бақыт Айбар Алдиярұлын іздеу жұмыстары үшінші күн қатарынан жалғасуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

1 желтоқсан күні кешке Түркістан тұрғыны қала полициясына хабарласып, ойнауға шыққан 4 жасар ұлы үйіне оралмағанын айтқан.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары кешенді іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жоғалған баланың белгілері туралы ақпарат фотосуретпен бірге барлық ауданға таратылған. Еріктілер мен жергілікті тұрғындар да көмекке жеткен.

Бақыт Айбар Алдиярұлы 2019 жылы 25 мамырда туған. Оның белгілері: бойы 60-65 см, шашы қара қоңыр. Ол сұр түсті көйлек, қоңыр шалбар, аяғына қара галош киген.

Жоғалған Бақыт Айбар Алдиярұлы жайлы қандай да бір мәлімет білсеңіз не болмаса көрсеңіз мына көрсетілген нөмірлерге хабарласуыңызға болады: 102, 8-725-33-5-97-65, 8-725-33-97-40-94 8-747-497-42-24, 8-701-480-78-88.