Шымкент қаласында бойжеткендерді жезөкшелікке тартқан үш притон жабылды.
Жезөкшелікпен айналысқан 10 қыз анықталды, біреуі кәмелет жасына толмаған
1,000
оқылды

Аймақтағы полицияның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мамандары арнайы операция кезінде қыздарды интимдік қызметке жұмылдырған жергілікті тұрғынды қолға түсірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

31 жастағы әйел притон ұйымдастыру үшін қала аумағында 3 пәтерді ұзақ мерзімге жалға алған. Онда интимдік қызмет көрсететін 10 қыз болған. Оның біреуі кәмелет жасқа толмаған қыз екені белгілі болды. Олар – Шымкент, Тараз, Алматы, Қостанай қалаларының тұрғындары.

ІІМ Telegram-арнасының жазуынша күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында ірі мөлшерде мефедрон тәркіленді. Аталған деректерге қатысты Қылмыстық кодекстің 309-бабы 2-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) мен ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті әйел қамауға алынды.