Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,4 трлн теңгені құрады.
Атырау облысында инвестиция тарту көрсеткіші жоғары
628
оқылды

Атырау өңірі бүкіл республика бойынша инвестициялар тарту бойынша алдыңғы орында тұр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде сыртқы инвестиция – 902 млрд теңге, ішкі инвестиция – 1,5 трлн теңге. Бұл жайында өңір әкімі Серік Шәпкенов орталық коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады. 

Елімізге тартылған инвестициялардағы Атыраудың үлесі 18,3%-ды құрайды.

«Есепті кезеңде облысқа 3,5 млрд АҚШ долларына тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Оның ішінде, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазуға, құрылысқа, кәсіби, ғылыми-техникалық қызметке және басқа да салалары қамтылды», – деді С.Шәпкенов. 

Биыл облыста полипропиленнен өнім өндіретін 3 инвестициялық жоба іске асып жатыр. Өңір әкімі бұл кәсіпорындардың қай бағытта жұмыс істейтіні жайлы айтып өтті.

«Біріншісі -құны 76 млрд теңгені құрайтын Атырау қаласынан жүк тасымалдайтын теміржол вагондарын жасау зауыты. Зауытта 1 700 адам жұмыспен қамтылады. Екіншісі- сұйытылған газ сақтау қоймасы. Жоба құны – 18 млн АҚШ доллар. Үшіншісі – аумағы 5,6 га құрайтын жылыжай құрылысы. Жоба құны – 8 млрд теңге», – деді өңір басшысы.

Олар 2024 жылы іске қосылады.