Арнайы мамандар Аяулымның жағы іріңдеп, шіріп жатқанын айтқан.
Үш ота жасады: Тісін жұлдырған қызылордалық қыз мүгедек болып қалды
2,128
оқылды

Қызылордалық 5 жастағы Аяулым тісін жұлдырамын деп мүгедектер қатарынан бір-ақ шықты. 

Бүлдіршіннің анасының айтуынша, былтыр қыркүйекте мемлекеттік тіс емханасына қызының тісі ауырған соң алып барған, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Тіс дәрігері ауырып тұрған тісті жұлып, үйіне қайтарған, алайда ісіну мен ауырсыну үдей түскен.

Астана арнасының жазуынша, артынша арнайы мамандар Аяулымның жағы іріңдеп, шіріп жатқанын айтқан. Ірің жағына дейін жайылып, 8 айда 3 ота жасатқан. Алғашқы операция Қызылордада жасалғанымен,  нәтиже болмапты. Анасы сондықтан Алматыға алып баруға мәжбүр болдым дейді. Ал ондағылар кішкентай қыздың жағы шіріп жатқандықтан, құлақ түбіндегі негізгі бөлігін кесіп алып тастауға тура келген. Енді жақ сүйектің қайта өсетініне кепіл жоқ екенін айтады мамандар.

"Мына жері жоқ қой қазір. Бұл жер өсу, өспеуі белгісіз болып тұр. Өспей қалған жағдайда операциямен теңестіреміз деді. Негізі дұрыс анализ жинамаған. Зерттеу жүргізбеген. Солай тісін жұлған. Тісін жұлғаннан кейін осындай асқыну болып отыр. Негізі мұндай диагнозбен барғанда, стоматолог врач, ортодонттар или хирургтер жұмыс істеу керек екен. Ал менің қызыма орта білімді дантист қызмет көрсеткен",-деді Аяулымның анасы Гауһар Ермағанбетова.

Медициналық және формацевтикалық бақылау комитеті аталмыш жағдайға байланысты тиісті диагностикалық тексеріс толыққанды жүргізілмеген деген қорытынды шығарған. Тіпті, баланың тісін дантист жұлуға болмайтынын айтқан. Ал ақ халаттылар өздеріне шаң жуытпай отыр.

"Сол кезде қолданыста жүрген стандарт бойынша 10/53 пантеисттің құқығы бар болатын. Шұғыл түрде көмек көрсететін зубной врач деген болады. Сол тараппен көрсетілген. Ал осы жылы ақпан айында шыққан стандартта ол қызмет түрі алынып тастаған. Егер де тағы да тістері ауырып жатқан болса, жағдайы нашарлап жатқан кезде әрдайым көмегімізді көрсетуге дайынбыз",- деп мәлімдеді қалалық орталық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Гүлзира Садықова.

Қазір Аяулым үйінде ерекше күтіммен отыр. Тіпті, мектепалды даярлық тобына да бара алмай қалды. Ал анасы кінәлілердің жазасыз қалғанына ызалы.