Маңғыстау облысы аумағындағы Қаракөл көлінде қызғылт қоқиқаздар қаптап жүр.
Қаракөлде қоқиқаздар қаптап жүр: блогердің видеосы көпті сүйсіндірді
2,168
оқылды

Сирек кездесетін бұл құстардың видеосын блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram парақшасына жүктеген,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Блогердің жазуына қарағанда, биыл қоқиқаздар көлде желтоқсанға дейін тұрақтаған. 

"Бұл жылы қоқиқаздар өз уақытынан тым кеш келді. Мұнша көп қоқиқазды желтоқсан айында кезіктіремін деп ойламаппын",  деп жазды ол.

Ал желі қолданушылары осындай сұлулықты көрсеткен блогерге ерекше алғыс білдірді.

"Азамат, шексіз сұлулықты көрсеткенің үшін көп рақмет!", “Қандай керемет көрініс, қарап отыра бергің келеді”, “Мына ғажапқа көзім тоймай отыр”, “Неткен сұлу көрініс!”,  деп жазды олар. 

Қазақстанда бұл таңғажайып құстар, әдетте, сәуір айының соңында келіп, қыркүйек-қазан айларында ұшып кетеді.