Заңсыз салынған нысанды бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіледі.
Алматыда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені бұзылады
2,099
оқылды

Алматы қаласында заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстары басталды. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Алматы әкімдігі мен қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тау бөктерінде заң талаптары мен құрылыс нормаларына сай келмейтін 52 нысанды анықталды.

Солардың бірі – Витебская көшесі, 44/3,44 А мекенжайда орналасқан KHAN тұрғын үй кешені.

«Бұл нысанды «Tennis.kz» ЖШС салған, эскиздік жоба келісілмеген, авторлық және техникалық қадағалау, сараптама қорытындысы жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабар бермеген. Тапсырыс берушіге қатысты басқарма ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 462-бөлігі бойынша шаралар қабылдады, сондай-ақ осы жылдың 28 сәуірінде Алматы қалалық мандандырылған ауданаралық экономикалық соты тұрғын үй кешенін сүру жөнінде талап арыз берді», – деп хабарлады басқармадан.

Сот талқылаулары аяқталғаннан кейін 24 қазанда Алматы қалалық сотының қаулысымен нысанды бұзу туралы бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды. 

Айта кетерлігі, тағы 19 нысан бойынша толық немесе ішінара бұзу, учаскені бастапқы күйіне келтіру және нұсқаманы мәжбүрлеп орындау туралы сот шешімдері заңды күшіне енді.

Заңсыз салынған нысанды бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіледі.