Тәуелсіздік күніне орай Батыс Қазақстан облысында екі білім ошағының жаңа ғимараты тапсырылды.
Балалар игілігіне – жаңа мектеп
567
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев егемен елдің келе­шек ұрпағына  үлкен сенім білдіріп: «Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбие-леу – бұл аса маңызды мемлекеттік мін­дет. Еліміздің болашағы дарын­ды, отаншыл жастардың қолында болуы керек», – деген болатын. Осыған орай,  мемлекет тарапынан Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, БҚО-да біраз күрделі мә­се­ле қолға алынуда. Соның қата­рында өзекті тақырып – апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу.

Қазір Батыс Қазақстан облы­сын­да 27 мектептің құрылысы жүр­гізілуде. Жыл соңына дейін со­ның 17-сін аяқтау жоспарлануда. Бүгінде 10 мектеп қолданысқа берілсе, қалғаны жыл соңына дейін халық игілігіне беріледі.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңын­да Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында облыс әкімі Нариман Тө­реғалиевтің қатысуымен екі жаңа мектептің ашылу салтанаты өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Са­палы орта білім алу – әрбір ба­ла­ның мызғымас құқығы. Мұн­дағы ең түйінді сөз – «сапа». Сон­дықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет. Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек», – деген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәй­кес, облысымызда заман талабына сай салынған оқу орындары рухани азық жинайтын ордаға айналып, бәсекеге қабілетті, отаншыл, елі­міздің туын биік ұстайтын білімді ұрпақ тәрбиелейтіні сөзсіз», – деп аймақ басшысы мемле­кеті­міздің білім саясатының арқасында бо­ла­шақ ұрпаққа жасалып жатыр­ған біраз игі істерді атап өтті.  

Атап айтқанда, Абай мен Еңбек ауыл­дарындағы мектептердің бі­рін­де – 60, енді бірінде 110 оқушыға дейін білім алады. Әрқайсысында 30-дан астам мұғалім сабақ береді.

Негізі, Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі 1952 жылы ашылған. Мектептің 60 орындық ескі ғимараты 1974 жылы салынғанымен, спорт және жина­лыс залы жоқ.

Жаңадан ашылған ғимаратта 9 оқу кабинеті, соның ішінде бірік­тірілген химия-биология, физика-математика, тілдер, мультимедия кабинеттері бар. Сонымен қатар 2 шеберхана, 1 спортзал, 8 орындық оқу залы мен кітапхана, 48 орындық асханамен жабдықталған. Мектеп ғимаратының жобалық қуаттылығы – 108 орын, құрылысқа мемлекеттік бюджеттен 807 млн теңге бөлінді.  Мердігер компания – «Жаиксель­строй» ЖШС.

Еңбек ауылындағы алғашқы негізгі орта мектебі 1966 жылы салынған. Ал биыл бой көтерген жаңа ғимаратта 10 оқу кабинеті, соның ішінде біріктірілген химия-биология, физика-математика, тіл­дер, информатика және бас­тауыш сыныптар кабинеттері бар. Сонымен қатар екі шеберхана, спорт­зал, кітапхана, асханамен жаб­дық­талған. Жаңа білім орда­сында 45-тен астам адамды жұмыс­пен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Тәуекел» ЖШС мердігер команиясы салған 60 орындық жаңа мектеп ғимаратының аумағы 1532 шаршы метрді құрайды. 

Жалпы, «Жайлы мектеп» ұлт­тық жоба аясында Батыс Қазақстан облысында 2023-2025 жылдар ара­лығында 18 мектеп салу жоспар­лануда. Негізі, 2025 жылға дейін апатты жағдайдағы және үш ауысы­ммен оқитын мектептер мәселесін толық шешуге мүмкіндік бар. 

Өңір басшысы ауыл тұрғын­дарын жаңа нысандардың ашылуы­мен  және келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Екі ауылдағы жаңадан ашылған мек­тепті аралап, мектеп оқушы­лары мен ұстаздарға сәттілік тіледі.