Қазір экономикалық құл­­­дықтың құрсауынан шығудың мүм­­кіндігі мейлінше жоғары. Соның бірі – жеке кәсіппен шұ­ғыл­данып, нарықтан өз орныңды табу. Түркістан облысының тұр­ғын­дары мемлекеттің кәсіп­кер­лікті қолдау құралдарын пайда­лана отырып, қарызсыз өмір сүру­дің, өз-өзіңе еңбек ету ар­қылы қаржылай тәуелсіз тұлға бо­лудың қыр-сырын меңгерген.
Кәсіп игеру қаржылық табысқа жетелейді
600
оқылды

Мәселен, осындай мемлекет қам­­қор­­­­­лығымен кәсібін бастаған жас­­­тар­дың бірі – Сапармұрат Орал. Түр­­кіс­тандық кә­­сіпкер 2,5 пайыздық мик­­­­­­­рокредитке ал­­­­ғашқылардың бірі болып өтінім беріп, бизнес жоспар құ­рып, қазір спорттық та­­уар­­­лар жабдық­талған өз дүкенін аш­қан.

Кәсіпкер өз дүкеніне сұранысқа сай, кездесе бермейтін спорттық бұйымдарды арнайы Қытайдан тапсырыспен алды­­­рады. Спорттық дүкенде саламатты өмір салтын өзіне серік еткендер қажетті бар­лық зат бар.

Аудан аумағында тек спорттық жаб­дықтарға негізделген алғашқы дүкенге деген сұраныс та артып келеді. Кәсібін кеңейтуді жоспарлаған кәсіпкер Қытай елімен тауар байланысын күшейтуді жоспарлағанын айтты.

Сондай-ақ Төлеби ауданында жаңа­дан кәсіп бастағысы келетін  30 жас кә­сіпкер өз кәсібін бастаған.

Бұған қоса, жаңа бизнес идеясын жүзеге асыру үшін 90 азамат «Бастау биз­­нес» арқылы қайтарымсыз грантқа ие болса, оның 32-сі жастар. Болашақта осы азаматтардың әрқайсысы да аймақ­тағы іргелі кәсіпорынға айналмақ. 

Сонымен қатар Сарыағаш ауда­­ны­ның тұрғыны Талғат Мамиров та мем­­лекеттен жеңілдікпен несие алу арқылы кәсібін кеңейткен. Шұлық тоқып от­б­асын асырап отырған кәсіпкер бас­тапқыда Өзбекстаннан арнайы маман­дар шақыртып осы істі отбасымен үй­­­ренген. Қазір балаларымен бірге жал­ғыз станокта күніне 100 жұп шұлық әзір­леп, жергілікті дүкендерге өткізеді. Са­ры­­ағаш курортының маңында ор­­­­­­­на­­­­­­­­лас­­қандықтан, сұраныс та жоғары дей­ді Талғат Мамыров. Қосымша ста­ноктар алып ісін кеңейтуге шешім шы­ғаруына да осы себепші болған.

– Бұрын бір ғана станокпен ай са­­­йын 200 мыңға жуық таза табыс түсетін. Енді үш құрылғымен та­бысы­­­мыз 600 мың теңгеге жуықтайды деген се­­­нім­­демін. Қазір шикізатқа қа­жетті жіп­­­терді Өз­бекстаннан аламыз. Электр энер­­­­гия­­­­сы секілді шығындарды есеп­­­тегенде бір жұп шұлықтың өзіндік құны 150-180 теңге шамасында. Сонда әрқа­­­­йсы­­­сынан 50-60 теңге түседі, – дейді ол. 

Түркістан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы кәсіп­керлікті дамыту бөлімінің бас маманы Мұхит Ашимовтың сөзінше, кәсіп­­керлікке бет бұруды көздеген азамат­тарды барынша толық қамту мақсатында «Ауыл аманаты» жобасының VI бағы­тына біршама өзгеріс енгізілген. 

- «Тұрғындардың өз кәсібін ашу» бойынша 2,6 млрд теңгеге 365 жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтсақ:  

- 495,4 млн теңгеге 77 жоба қар­жы­ланды;

- 253,2 млн теңгеге 49 жоба мақұл­данды;

- 482,1 млн теңгеге 67 жоба қаралуда;

- 1,4 млрд теңгеге 172 жоба құжаты толықтырылуда.

Бүгінде  жалпы «Ауыл аманаты» жо­басы бойынша 22,9 млрд теңгеге 4 175 жо­ба қабылданып, 19,5 млрд тең­геге 3 219 жоба мақұлданып, қаржы­лан­ды­ру жұ­мыс­тары қарқынды жүргі­­зілуде. Ағым­да­ғы жағдайға 16,3 млрд теңгеге 2 722 жоба қаржылан­­дырылды, – дейді ол. 

Бас маманның айтуынша, қаржы­ландыру процесі кәсіпкерлерге тиімді әрі оңай болуы үшін бірқатар жеңілдік ұсынылып, қаржыландыру шарттары нақ­тыланады. Ең басты жеңілдіктер: басқа округтің кәсіпкерлері бекітілген 64 округке тіркеліп, қаржыландыруға қа­­тыса алады; бастапқыда кәсіпкерлер үшін арнайы кооперативке мүше болып кіру қажет болған, бұл да алынып тастал­ды; қаржыландыруға жататын нақты салалар тізімі бекітілді (сауда, құры­лыс­ты жүргізу және тамақтану қыз­меттерін қоспағанда); ең басты жұмыс­тың бірі, жоба бойынша түрлі саладағы 80 бизнес жоспар әзірленіп, аудан және қала әкім­діктеріне ұсынылды. Әрбір бизнес жос­пар бойынша табатын табы­сы және шығысы, бизнесті жүргізу үшін құрал жабдықтарды және шикізатты алу, дайын өнімді сату мәселелері толық қамтылған; бизнесті жүзеге асыру үшін «тұр­ғылықты мекенжайы бойынша анықтаманы талап ету» міндеті алынып тасталды.

– Бекітілген жұмыс кестелері бо­йын­ша Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқар­­масы бастаған, құрамында «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, «Ырыс» мик­­роқаржы ұйымы  және TÚRKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орта­­лығы» КММ өкілдері бар жұ­мыс топ­тары тамыз айынан бастап 4 рет аудан және қала әкімдіктерінде, ауыл­дық округтерде тұрғындармен кез­десулер өткізіп, түсіндіру жұмыстары жүргі­зілген, – дейді Мұхит Ашимов.

Нәтижесінде, соңғы бір ай мерзі­мін­де қолдау алған жобалар саны екі есе­ленді. Кәсіпорындар табысының ар­туына мемлекеттік қаржылай қолдау шаралары тиімді ықпалын көрсетуде. Статистикаға сүйенсек, кәсіпкерлікті да­мыту жөніндегі ұлттық жоба арқылы осы жылдың 10 айында бизнес субъек­тілері 21,3 млрд теңгеге жеңілде­­тілген несиелермен қамтамасыз етілді. 2024 жыл­­­да кәсіп­керлерді жеңілдетілген несие­лендіру көлемін 40 млрд теңгеден асыру көз­­делген. Несиелердің пайыздық мөл­­шерлемесін төмендету үшін облыс­тық және республикалық бюджет­терден қажетті 13 млрд теңге бөлінбек. 

Ауыл халқының жағдайын жақсарту мақсатында Мемлекет басшысының тап­сырмасына сәйкес биылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасына бюджеттен 19,8 млрд теңге бөлініп, бүгінде 16,5 млрд теңгеге 3 мыңға жуық жоба қаржы­ландырылды.

К.ЕРКІН