Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті.
Маңғыстауда жас жігіт 10 жастағы қызға интимдік тақырыпта хат жазған
1,649
оқылды

Өңірдегі Мұнайлы ауданында 19 жастағы жігіт 10 жастағы қызға WhatsApp желісі арқылы интимдік тақырыпта хат жазған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Полиция 19 жастағы жігітті үйінен ұстады. Күдіктінің іс-әрекеті бойынша тергеу басталып кетті. 

"8 желтоқсанда полицияға әйел өзінің 10 жастағы қызына белгісіз адам WhatsApp мессенджері арқылы интимдік сипаттағы хабарлама жазады деген мәлімдеме жасаған. 

Әйел хабарлама жазған адаммен қызының ұялы телефонынан сөйлесіп, кездесу ұйымдастырған. Ер адам белгіленген жерге көлікпен келгенде видеоға түсіріп, сол арқылы полицияға жүгінген", – делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жазбасында.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.