Әйгілі блогер Айжан Байзақова қай ұлттан екенін білу үшін тест тапсырған.
Блогер Айжан Байзақованың ұлты қазақ болмай шықты - ДНҚ қорытындысы
2,825
оқылды

Кеше желі белсендісі қай ұлттан екенін білу үшін тапсырған арнайы тестінің жауабын алды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол Instagram-дағы парақшасында тесттің нәтижесін көпшілікке бөлісті.

"Жақында мен қай ұлттан екенімді білу үшін тест тапсырдым. Өмір бойы өзімді қазақпын деп ойлап келген едім. Енді анықтаймыз. Мен небәрі 13 пайыз қазақпын", - деді ол.

Сонымен қатар блогер әлеуметтік желінің stories бөлімінде тесттің нәтижесін бөлісіп, таңғалғанын жасырмады.

"30 жыл өмір сүресің. Қазақпын деп ойлайсың. Сосын қай ұлттан екеніңді білу үшін тест тапсырасың да, біреудің құпия сақтағанын білесің... Шынымды айтсам, менің жан дүниемде ештеңе өзгермеді. Бұл қағаз ештеңені өзгертпеді. Мен қазақпын деп ойлаймын", - деді Байзақова.