Суықтан тоңып қалған аяқ-қолды бірден ыстық суға малуға болмайды, себебі күйіп қалуы мүмкін.
Аяздан тоңып қалған аяқ-қолыңызды қалай дұрыс жылыту керек?
2,187
оқылды

News.ru басылымына Хирург Александр Умнов аяқ-қолды дұрыс жылытудың жолдарын айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Дәрігер аяқ-қолға аэробты жаттығулар жасап, крем немесе май жағып, массаж жасаған жөн деп кеңес береді. 

“Суықтың әсерінен адам ағзасында қорғаныс реакциясы пайда болады: қан ағымы дененің шеткі бөліктерінен (қол, аяқ, бет, құлақ, ерін) өмірлік маңызы бар ағзаларға (жүрек пен ми) бағытталады. Қан айналымы бәсеңдейтіндіктен, аяқ-қолдағы дене температурасы да төмендейді. Сәйкесінше қол-аяқ жансызданып қалады. Үйге келгенде мұздап қалған аяқ-қолыңызды ыстық суға салмаңыз, себебі күйіп қалуыңыз ғажап емес”, – дейді Александр Умнов.

Сондай-ақ ол темекі шегуге және ішімдік ішуге болмайтынын ескертті. Өйткені олар қан тамырларының тарылуына әкеліп соғады. 

“Кофенің орнына көк шай ішкен пайдалы. Тым болмаса, шыныдағы қайнаған суды қолыңызға ұстап тұрып, жылынсаңыз қан тамырларының кеңеюіне септігін тигізеді. Суықтан келгенде қол-аяғыңызды уқалап жылытқаныңыз дұрыс. Жеңіл массаждан кейін ванна немесе душ қабылдап алсаңыз да артық етпейді. Бірақ су температурасы 40 градустан аспау керек”, – деп ескертті дәрігер.