Ол темір тұлпарының бейнежазбасын әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.
Құны кем дегенде 62 миллион теңге: Ернар Айдар жаңа көлігін көрсетіп мақтанды
1,592
оқылды

Танымал эстрада әншісі Ернар Айдар құны кем дегенде 62 млн теңге болатын су жаңа көлігін көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында оқырмандарынан сүйінші сұрады.

"Жаңа көлікті болып жатырмыз. Құттықтап қойсаңыздар болады. Баршаңызға амандық тілеймін. Баршаңызға жұғысты болсын", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің жаңа көлігіне құтты болсын айтып, жылы лебізін арнады. "Құтты болсын!", "Игілігіңе мін!", "Жолың әрдайым ашық болсын!", "Жұғысты болсын!" деп жазды әншінің оқырмандары.

Айта кетейік, Ернар Айдардың таңдауы түскен Lexus LX көлігінің нарықтағы құны 62 млн теңгеден басталады.