Биыл Атырауда 96 адам босқын мәртебесін алуға өтініш білдірген.
Атырауда 96 адам босқын мәртебесіне өтініш білдірген
692
оқылды

Бүгінгі күні босқын мәртебесін алуға тапсырған пана іздеуші азаматтардың жағдайы тұрақты және қатаң бақылауда, – деп хабарлайды Aikyn.kz CaspianLife арнасына сілтеме жасап.

«Биыл 1 желтоқсанға дейін басқармаға босқын мәртебесін алу үшін 96 адамнан өтініш түсті. Пана іздеп келгендердің арасынан 11 адамға босқын мәртебесі берілді. Ал, 55 адамның босқын мәртебесіне берген өтініші қайтарылып, олар еліне оралды. Өтініш берген 4 адам ықтиярхат алды», – деп хабарлады Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов.

Сонымен қатар 11 адам басқа өңірге көшіп кетсе, 9 адам елден ескертусіз шығып кеткен. Пана іздеген адам ретінде 6 адам тіркелді, олардың ішінде 1 ер адам, 3 әйел адам және кәмелетке толмаған 2 бала бар. Барлығы Украина Республикасының азаматтары.

 

Фото: egemen.kz