Сенаттың Конституция­лық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Қазақстан Респуб­ликасы Бас прокуратурасының жа­нын­дағы Құқық қорғау орган­дары академиясының бас­шы­лы­ғымен кездесу өткізді.
Академиядағы жүздесу
477
оқылды

Шара заң білімінің сапасын арттыру және одан әрі да­мыту мәселелері жө­ніндегі ғылыми-практикалық конфе­ренцияға дайындық аясын­да өтті.

Сенат комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров кездесуді аша келіп, жүргізіліп жатқан сот және құқық қорғау жүйелерін реформа­лау, ұлттық заңнаманы дамыту жағдайында елімізге заманауи талаптарға сай келетін білікті заң кадрлары қажет екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан хал­қына Жолдауында білім беру сапасын арттыруға баса назар аударған болатын. Бағдарламалық құжат – Қазақстан Республика­сы­ның 2030 жылға дейінгі құқық­тық саясат тұжырымдамасында заңгерлік білім беру жүйесін жаң­ғырту қажеттігі атап көрсетілді. Сенат пен комитет осы мәселеге ерекше басымдық беріп отыр, осыған байланысты бірқатар тақы­рыптық шара өткізілгенін айта кеткен жөн», – деді Нұрлан Бекназаров.

Кездесуге Қазақстан Респуб­ли­касы Бас прокурорының орын­басары Әсет Шындалиев пен академияның оқытушылар құра­мы қатысты.