Елордалық полицейлер вандализммен және қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күресті жалғастырып жатыр.
Астанада ер адам лифті  сындырды
818
оқылды

Астанада кезекті вандал қолға түсіп, жауапқа тартылды, деп хабарлайды Aikyn.kz  қала әкімдігінің ресми сайтына  сілтеме жасап.

Сонымен, Достық көшесіндегі үйлердің біріндегі лифтте тұрған  мониторды  белгісіз адам бұзып кеткен. Осылайша, ол лифт компаниясына зиян келтірді.

Полиция 25 жастағы адамды анықтады. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астананың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ол бес тәулікке қамауға алынды.

2023 жылдың басынан бері елорда полициясының қызметкерлері вандализмнің жүзден астам фактісін анықтады. Қала бойынша күнделікті 2 мыңнан астам полиция қызметкері патрульдейді.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары «Тоқта, вандал!» акциясын өткізіп жатыр.

Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жүргізіледі.