Баланың денесі құлаған жерінен 75 метр қашықтықта табылды.
Абай облысында мұз астына түсіп кеткен 5 жасар баланың денесі табылды
808
оқылды

Абай облысы Үржар ауданында мұз астына түскен баланың денесі табылды, – деп хабарлады Aikyn.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

5 жасар екі бала ауылдың шетінде орналасқан Қарақол өзенінде толық қатпаған мұз үстінде ойнаған. Мұз жарылып, балалардың бірі мұздың астына түсіп кеткен.

Баланың мұз астына түскенінен 3 сағат өткен соң жергілікті еріктілер баланың денесін тапты. Баланы табу үшін қолмен ойықтар жасалды. Баланың денесі құлаған жерінен 75 метр қашықтықта табылды.

Полиция департаменті марқұмның отбасына көңіл айтады және азаматтардан өз өміріне қауіп төндірмеуін және мұзға шықпауын сұрайды.