Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бойжеткен 21 желтоқсан күні кешкі 22:00-де қала аумағынан табылып, ата-анасына тапсырылды.
Қызылордада жоғалып кеткен 18 жастағы бойжеткен 5 күннен кейін табылды
8,437
оқылды

Қызылорда қаласында бес күннен бері іздестірілген 18 жастағы бойжеткен аман-есен табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

18 жастағы бойжеткен 17 желтоқсанда сағат 9:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстарына Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар ақпараттандырылды.

"Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бойжеткен 21 желтоқсан күні кешкі 22:00-де қала аумағынан табылып, ата-анасына тапсырылды. Полицейлер табылған бойжеткенмен және ата-анасымен профилактикалық бағытта әңгімелесу жұмыстарын жүргізді", – деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан.