Айтыскер ақын, депутат Аманжол Әлтаев "Қасқа жол" YouTube арнасына берген сұхбатында Жүрсін Ерманның жағдайы туралы айтты.
Аманжол Әлтаев Жүрсін Ерманның жағдайы туралы айтты
Фото: instagram.com
1,722
оқылды

Айтыскер ақын, депутат Аманжол Әлтаев "Қасқа жол" YouTube арнасына берген сұхбатында Жүрсін Ерманның жағдайы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Таяуда Астанада жылдың қорытынды айтысы "Алтын домбыра" айтысын өткізгеннен кейін арнайы барып, ол кісіге есебімді беріп, қалай өткенін жеткізіп, халін біліп, әңгімелесіп қайттық. Айтыс Тәуелсіздік жылдарында дамыды десек, соған Жүрсін ағамыздың қосқан үлесі ұшан-теңіз. Бүкіл өмірін айтысқа арнаған. Қанатының астынан түлеп ұшқан шәкірттерінің барлығы халін біліп тұрамыз, барып тұрамыз. Әрине, батасын беріп, "салған қасқа жолдан ауытқып қалмаңдар" деп ақыл-кеңесін беріп отыр", – деді ол.