Жамбыл облысының прокуратурасы "АвтоУраган-МС" мобильді кешенін тиімсіз пайдалану фактілерін анықтады.
Жамбылдық жол сақшылары АвтоУраганды тиімсіз пайдаланған
2,127
оқылды

Жамбыл облысының прокуратурасы "АвтоУраган-МС" мобильді кешенін тиімсіз пайдалану фактілерін анықтады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл құрылғы нөмір белгілерін танып, сурет және бейне тіркеуді жүзеге асыруы керек, бірақ іс жүзінде бір ғана құқық бұзушылықты анықтады.

Жамбыл облысының прокуратурасында "Әкімшілік айыппұлдардың, әсіресе арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары арқылы салынған сомалардың өндірілу тиімділігі" тақырыбында үйлестіру кеңесі өтті.

Жамбыл облысының прокуратурасы "АвтоУраган-МС" мобильді кешенін тиімсіз пайдалану фактілерін анықтады.

"Бұл кешен жол қозғалысы ережелерін бұзудың 16 түрін анықтау үшін аумақтағы көлік құралдарын автоматты түрде фотобейнефиксациялауды жүргізуі тиіс. Алайда іс жүзінде көрсетілген кешен облыс аумағында бұзушылықтың тек бір түрін (жылдамдықты асыруы) тіркейді", делінген хабарламада.

 

Кешеннің толыққанды жұмыс істеуі үшін жол белгілерінің әрекет ету аймақтарын көрсететін электрондық карта қажет екені белгілі болды. Облыстық прокуратура мәліметінше, бұл кемшіліктер құқық бұзушылықтың алдын алу және облыс аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шараларға да кері әсерін тигізеді. Облыс прокуратурасы тиісті шара қолдану қажеттілігі туралы прокурорлық қадағалау актісін енгізді.