Жасотандықтар Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
Жасотандықтар Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
174
оқылды
Jas Otan жастар қанатының өкілдері мен белсенділері елордада нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Мерекелік акция барысында жасотандықтар коммуналдық қызмет қызметкерлері мен дәрігерлерді күн сайынғы ауыр еңбегі үшін алғыс ретінде құттықтады. «Қазір соңғы оқиғаларға байланысты коммуналдық қызметтің қызметкерлері мен дәрігерлер авральды режимде жұмыс істеуде. Дәрігердің күнделікті еңбегі адамдардың өмірін құтқаруға бағытталған. Ал коммуналдық қызмет қызметкерлері ерлермен қатар, ауа райына қарамастан, таңертеңнен кешке дейін елорда көшелерін қардан тазартып, Қазақстанның жүрегі - елорданың тазалығы мен сыртқы қолайлы келбетін көркейтіп жүр. Сондықтан да біз жасотандықтармен осы еңбектері үшін алғыс айтып, мейраммен құттықтауды жөн көрдік», - деді  Jas Otan ЖҚ атқарушы хатшысы Жанат Чукеев. Акция аясында көктем мен мерекенің символы ретінде қызғалдақтар мен тәттілер түрінде естелік сыйлық берілді. Шара соңында белсенділер қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтап, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында қызғалдақтар сыйлады.