Астанадағы Ұлттық музейде саяси қуғын-сүргін құр­бандарын толық ақтау жө­ніндегі мемлекеттік ко­мис­сияның және аймақтық бө­лімшелердің жұмысын қоры­­тындылаған жиын өтті. Мемле­­­кеттік кеңесші Ерлан Қариннің тө­рағалығымен өткен жиынға еліміздің та­рихшы ғалымдары мен зерттеушілері қатысты.
Құнды құжаттар қоры молайды
574
оқылды

Бұл мемлекеттік комиссия Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 24  қа­­­­­­­ра­­­­шадағы «Сая­си қуғын-сүргін құ­­­­­р­­­­бан­­­­­дарын толық ақтау жөніндегі мемле­кеттік комиссия құру туралы» Жарлығына сәй­кес құрылды. 

Сонымен бірге комиссия қызметін үйлестіру үшін жобалық кеңсе құрылып, құрамына ғалымдар, зерт­теушілер және мемлекеттік орган­дардың өкіл­­­дері кірді. Осы орайда түрлі са­­наттағы саяси қуғын-сүргін құр­­­бандарын қамту үшін нақты та­қы­­­­рып бойынша бөлінген үш ғылыми топ жасақталды. 

Оған қоса әр өңірде аймақтық комис­сия­лар құ­рылған болатын. 

Қорытынды жиында мем­­­ле­­кеттік және өңірлік комис­­­­сия­­лар­­­дың жұ­мысы туралы есеп тыңдалып, жи­­нақ­талған құжаттардың ғылыми жинақ­тарын дайын­­дау жөніндегі жо­ба­­­­­лардың іске асырылу ба­ры­сы қаралды.

– Комиссия жаппай саяси қу­ғын-сүр­гін кезеңін зерделеді. Жұ­­мысты жүйелеп, оның ауқымын анық­­тап алдық. Сол ар­қылы еліміз­­­дің зор ғы­лы­ми әлеуетін жұ­мыл­­­­дыруға, теңдес­сіз мұрағат мате­­­­риал­­­­­да­­­­рын ашуға және бұрын-соңды болмаған әдістемелік-зерт­теу архи­тектурасын қа­лып­тас­­­­тыруға жол ашылды. Мем­лекеттік комиссияның үш жыл бойы тоқтаусыз жүргізген ғылыми жұмысы бойынша қоры­­­­­тынды есеп­тің жобасы әзірлен­­ген бо­латын, – деді Мем­лекеттік кеңесші.

Тарихтың ақтаңдақ бет­­терін зер­­делеп, жазықсыз жапа шеккен саяси қу­­­­­ғын-сүргін құрбандарын толық ақ­­­­тау жұмысына еліміздің 425 ғалымы мен зерттеу­шілері жұмылдырылса, оның ішінде 260-тан аса маман аймақтық комиссияда жұмыс істе­ген. Олар елі­міздің түкпір-түкпі­­­­ріндегі 60-тан астам мемле­кеттік және ведомст­во­лық архивте ауқым­ды жұмыс ат­қарған. Ерлан Тыным­­­­байұлы ко­­­­­­мис­­сия құрамы бола­шақ ғалымдар мен зерттеушілер үшін өте қомақ­ты ғылыми капитал жасақ­­­тағанын, бұрын көпшілікке белгісіз болып келген көптеген құнды ма­­териал та­былғанын айтты. Сондай-ақ Ерлан Тынымбайұлы архив материалдарын кедергісіз пайдалану үшін құжаттар­­дың құпиялылығын жоюмен айна­­­­лысатын арнайы в­е­­­домствоаралық комиссия құрыл­ғанын жеткізді. Нә­тиже­сінде, құ­жаттарды құпиясыз­­дан­дыру ба­­­­­­­­­ғы­тындағы жұмыс аясында қа­­зірдің өзінде 2,6 миллионнан астам құжат пен материалдан құпия белгісі алынып тасталғанына тоқ­­талып, бұл ғылыми ортадағы бірегей тәжірбие деп баға берді. 

– Мемлекеттік комиссия саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 311 мың­нан астам адамды ақтау үшін қол­­даныстағы заңнама аясында нақты жұмыс жүр­­­­гізді. Бұл меха­низм өз тиім­ділігін көр­сетті, оны болашақта да пайдала­­­нуға болады. Зерттеу нәтижесін ғылыми тұрғыда рәсім­­деп, осы табылған құ­жаттар негі­­­зінде, саяси қуғын-сүргін құрбан­­­­­­­­­дарын іс жүзінде толық ақтау үшін нақты шаралар қолға алынуға тиіс. Мем­лекеттік комиссия өзінің басты міндетін табысты орындады, жинақ­талған мате­риал­дар 72 томнан тұра­­­­тын жинақ ретінде бір сериямен әзір­ленді. Бұл жұмысты әрі қарай ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін ма­­­­­те­­риалдарын зерделеу орталығы жал­­ғастыратын болады, – деді Мем­ле­кеттік кеңесші. 

Аталған XX ғасырдағы саяси қуғын-сүр­гін мате­риа­лдарын зер­делеу орталығы 2021 жылы құрылған болатын. Бұл мемле­кеттік комиссия жұмысының қорытын­дысы зерт­теушілерге қолжетімді болуын қам­тамасыз ететін бірегей ұйым. Ор­талықтың база­сында ерекше ин­­­­­­­фра­құры­лым құрылып, табылған тарихи құжаттарды бір қорға бірік­­тіруге, оларды сақ­тауға, сарап­­тауға, каталогқа бөлуге және цифр­­­­­лық форматқа көшіруге мүмкіндік жа­сал­ған. Мұнда, тарихи мұрағаттарды рес­таврациялау мен қалпына келті­­руден бастап, оны дұрыстап сақтауға және ғылы­ми зерттеуге дейінгі бар­лық сатыны қамти­тын архив құжат­­тары­мен жұмыс істеудің то­­лық циклі түзілген. Ерлан Тыным­­­бай­­ұлының айтуынша, арнаулы жабық архив­терден 2 жыл ішінде осы орта­­лыққа реп­рессия құрбандарына қатысты 688 мыңнан астам іс және 48 мыңға жуық есепке алу карточ­касы берілді. Жал­пы, екі жыл бойы жүрілген зерттеу-зерделеу жұ­­мыс­­­тарының нәтижесінде Прези­­дент архивінде 100 жылда жиналған 700 мыңнан астам құ­жатқа қо­сым­ша, тағы 600 мыңнан астам ма­териал қосыл.ды.

Жиын барысында аймақтарда құрылған жобалық кеңсе жетек­­­­шілері өңірлерде атқарылған жұмыс қоры­тындыларымен та­ныстырды. Саяси қуғын-сүргін құрбан­дарын толық ақ­тау жөніндегі мемлекет­тік комис­сияның қызметін сүйемелдеу жө­­ніндегі жобалық кеңсенің бас­шысы, еңбек сіңірген қайраткер Сабыр Қа­сымов, Президент архиві­нің дирек­торы Әлия Мұс­та­­­­фина және бірқатар зерттеуші ға­­лым баян­дама жасады. Сондай-ақ Ғы­­лым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, тарихшы Бүркітбай Аяған, сенатор Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты Айдос Са­рым, алаштанушы ғалым, профес­сор Ди­хан Қамзабекұлы өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.

– Бүгінгі жиынның мәні ерекше бол­ғанын атап өткен жөн. Комис­­­сияның жұ­мысы елдіктің деңгейін көрсетті. Әділет­тілік пен заңдық қағи­­­­­даттардың жүзеге асуын көр­­­­сетті. Бұл жерде ғалымдардың аза­­­мат­тық жауапкершілігі мен кәсіби адалдығы көрінді. Қазақтың «Жоқ табыл­майды емес, қарауы жетіс­пейді» деген тамаша сөзі бар. Сол айтпақшы, жоқты іздеуге мүмкіндік тудырған комиссия бол­ды, –  деді Дихан Қамзабекұлы. 

Сонымен қатар Дихан Қамзабек­ұлы жұмыс бары­сында құжаттарды құпиясыз­дандырудың өте маңыз­ды болғанын айтты. Ғалым құпиясыз­дандырудың арқасында Бас про­куратура мен Ішкі істер министр­­лігіндегі біраз құпия құжаттарды ке­дергісіз алуға мүмкіндік туғанын атап өтті.

– Жалпы, мұра жинау бүгін ғана басталған жоқ.  Мен осы комис­сияның әдіснама бөлімінде жұмыс істедім. Осы уақытқа дейін орта­­лықтағы және жергілікті жер­дегі ғалымдар мен зерт­­теушілердің ба­­­сын қосқан 20-ға жуық жиын өтті. Құжатты пайдалану мен жүйелеудің жай-жапсары сара­ланды, – деді алаштанушы ғалым.

Жиын қорытындысына сәйкес, саяси қуғын-сүргін құрбандарын то­­­лық ақтау жөніндегі мемлекет­тік ко­миссия атқарған тынымсыз еңбек нәтижесінде жинақталған барлық құ­жат алдағы уақытта ғалым­дарға және зерттеушілерге қолжетімді бо­лып, ғы­лыми айналымға түсіп, қалың көп­шілікке таныс­тыры­лып, наси­хатталады деп күтілуде. Сон­­дай-ақ Дихан Қамза­бекұлы айт­қандай, мем­лекеттік комис­сия атқарған жұ­мыс әлі талай ұрпақты және ғылыми қауымды жігер­лен­­­­діретін елдік жұмыстың нәти­­жесі деуге болады.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ