Айдос Әлменбаевтің әкесі ұлының көп адамның өмірін құтқарып қалғанын да жеткізді.
Алматыдағы автобус апаты: қаза болған жігіттің әкесі ұлының денесін әзер танығанын айтты
603
оқылды

"КТК" арнасына сұхбат берген қарт әкесі ұлының отбасындағы жалғыз асыраушысы болғанын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Ол микроавтобус айдап, күнделікті нәпақасын тауып жүрген. Апат болған күні Райымбек даңғылының бойындағы аялдамаға тоқтап бой жазбақ болады. Көліктен түсе бергенінде қоғамдық көлік қағып, жаншып өткен.

Егер баламның автобусы тұрмағанда қанша адам қырылатынын білмеймін. Сол баламның спринтері қанша өмірді сақтап қалды. Көзі шығып кеткен. Жарты басы жоқ. Қолы сынған. Денесінің сау жері жоқ, – дейді қара жамылған әке.

Марқұмның денесін тану оңай болмапты. Жұбайы Айнұр Құсайынова да қайтыс болған күйеуінің денесін әрең танығанын айтады. Айдостың артында үш қызы қалған.

Қара жамылған отбасы апатқа автобус жүргізушісінің тікелей қатысы барын айтады. Әйелдің де жауапқа тартылуын талап етіп отыр.