Шымкентте спорт саласын дамытуға бюджеттен 27 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.
Шымкентте спорт саласында жұмыс істейтін 6 лауазымды тұлға қылмыстық жауапқа тартылып жатыр
3,790
оқылды

Шымкентте спорт саласындағы 6 лауазымды тұлға қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіп жатыр.

«Шымкентте спорт саласын дамытуға бюджеттен 27 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Өңірдегі спорт мектептерінің директорлары мен жаттықтырушыларының, жалпы саны 700-ден астам қызметкердің қатысуымен кездесу өткізіп, бюджеттік қаражатты жымқыру үшін көзделген жауапкершілік талқыланып, түсіндірілді. Жалпы, биылдың өзінде аталған салада 7 қылмыс тіркеліп, 6 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылуда», – деді Дәурен Ерғарин.