Жануарды құтқаруға арнайы жедел құтқарушылар тобы аттанған.
Мектептің шарбағына қысылып қалған елікті құтқарды
720
оқылды

Көкшетауда мектеп шарбағына қыстырылған елік құтқарылды. Оқиға түн ішінде болған, –  деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Бұл туралы Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

Жануарды құтқаруға арнайы жедел құтқарушылар тобы аттанған. 

– Білім ордасының шарбағына елік қыстырылып шыға алмай қалыпты. Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен металл қоршаудың арасын ашып, елікті босатып жіберді. Елік өз жөніне кетті, – дейді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінен. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы