Жетісу облысында 14 жасар қызға іздеу жарияланды.
Талдықорғанда 14 жастағы қыз іздестіріліп жатыр
1,050
оқылды

28 желтоқсанда Талдықорған қаласының полиция бөліміне бір мектептің басшылығынан бірнеше ай бойы сабаққа қатыспаған 14 жасар оқушының жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түсті, – деп жазды Aikyn.kz.

Кәмелетке толмаған оқушыны іздеумен Талдықорған қалалық полиция қызметкерлері айналысып жатыр.

"Оның жоғалуының бүкіл мән-жайы анықталып жатыр. Іздестіру шараларына облыстық департаменттің іздестіру бөлімінің жедел уәкілдері мен жақын орналасқан аудандардың полицейлері де тартылған", – деп мәлімдеді Талдықорған қалалық полициясынан.

Жоғалған қыздың ата-анасы, туыстары мен жақындарынан жауап алынып жатыр.

Бейнебақылау камералары қаралып, такси аялдамалары тексеріліп жатыр, сондай-ақ жоғалған қызды тез арада табуға бағытталған басқа да іс-шаралар жалғасып жатыр.