Қазақстанның 6 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар:
Ақмола облысында – 5 учаске,
Жамбыл облысында – 1 учаске,
Жетісу облысында – 1 учаске,
Қарағанды облысында – 6 учаске,
Павлодар облысында – 1 учаске,
Ұлытау облысында – 1 учаске.
Қар аралас жаңбыр, көктайғаққа байланысты көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 252 бірлік техника және 429 жол қызметкері жұмыс істеп жатыр.