Жетісу облысында республикалық автожолдың бір бөлігі шектелді.
Еліміздің 6 аймағында республикалық 15 жол учаскесі жабылды
915
оқылды

Қазақстанның 6 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олар:

Ақмола облысында – 5 учаске,

Жамбыл облысында – 1 учаске,

Жетісу облысында – 1 учаске,

Қарағанды облысында – 6 учаске,

Павлодар облысында – 1 учаске,

Ұлытау облысында – 1 учаске.

Қар аралас жаңбыр, көктайғаққа байланысты көліктің барлық түріне  шектеу енгізілді.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 252 бірлік техника және 429 жол қызметкері жұмыс істеп жатыр.