30 желтоқсанда 40 рейсі кешігіп, 20 рейс орындалмаған.
Астанада әуе рейстерінің кестесі қалпына келтіріліп жатыр
693
оқылды

Астанада ауа райының жақсаруына байланысты рейстер кестесі біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сағат 07:00-ден бастап Астанадан 10-ға жуық ішкі және халықаралық рейстер ұшып, сонша рейстер ұшып келді. Орындалмаған рейстердің жолаушыларын жеткізу үшін әуе компаниясы Алматы мен Астана арасында екі қосымша рейс енгізді", - делінген хабарламада.

30 желтоқсанда әуекомпанияның 40 рейсі кешігіп, 20 рейс орындалмаған.

Дубайда 200 жолаушы, Ыстамбұлда 80 жолаушы қонақүйге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар сатып алу орнында әуе билеттерін тегін қайта брондау және билет құнын қайтару ұсынылады.