Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.
Астанада қала маңына қатынайтын автобустар тоқтап тұр
771
оқылды

Астанада қала маңына қатынайтын 6 бағдардың автобустары әлі де тоқтап тұр, – деп хабарлайды Aikyn.kz "City Transportation Systems" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"City Transportation Systems" ЖШС ресми мәлімдеме жасады. 

– 2023 жылғы 31 желтоқсандағы сағат 06:00-дегі өзекті ақпарат бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты, қала маңына қатынайтын №№ 308, 309, 315, 316, 327, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылып тұр. Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда, – делінген хабарламада.