Өртенген үйде кішкентай бала да болған.
«Арасында бала бар» – түзеу мекемесінің қызметкері өртеніп жатқан үйден 6 адамды құтқарды
674
оқылды

Түзеу мекемесінің қызметкері өртеніп жатқан үйден 6 адамды сыртқа алып шықты. Арасында кішкентай бала да бар. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

1 қаңтар күні шамамен сағат 13.21-де СҚО Булаево ауылы Целинная көшесі, 7 мекенжайында орналасқан екі қабатты тұрғын үй өртенген. 

 

Тексеру барысында пробация аға лейтенанты Ғалымжан Байбусин үй тұрғындарына көмек көрсеткені белгілі болды. Өртенген үйден 6 адамды алып шықты. Оның ішінде кішкентай бала да бар. Сонымен бірге офицер өртті оқшаулауға көмектескен. Өрт салдарынан пәтердегі терезе сынды. Өрт 12 шаршы метрді шарпыды. 

Өрт стокерге жақын орналасқан пластикалық терезе себеп болуы мүмкін.