Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі айтты.
Мерекеде қай өңірден жедел жәрдемге  шақырту көп түсті?
gov.kz
3,091
оқылды

Былтырғы жылдың соңғы екі күнінде ел бойынша жедел медициналық жәрдем пультіне тұрғындардан 56 мың шақырту келіп түсті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Оның ішінде 1-3 шұғыл санаттағы шақыртулар 34 мың болса, 4 санат бойынша 22 мың шақырту түскен.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ең көп шақырту Алматы қаласынан – 5 800, Алматы облысынан 5 000-нан астам, Түркістан облысынан 460-тан астам және Астана қаласынан 4 000-нан астам, Шымкент қаласынан 3 000-нан астам шақырту болды.

Жалпы, осы күндері 150 мыңнан астам халқы бар елді мекендердегі көпбейінді ауруханалардың жанындағы 80 травматологиялық пункт шұғыл травматологиялық көмек көрсетеді.

150 мыңнан аз халқы бар елді мекендерде аудандық (166), қалалық (75) ауруханалардың қабылдау бөлмелерінде шұғыл травматологиялық көмек көрсетіледі.

Жаңажылдық мерекелерде ел халқына жедел медициналық көмек көрсету үшін бір ауысымда 1 503 ЖМК бригадасы, оның ішінде 273 бригада мамандандырылған (дәрігерлік) және 1 230 фельдшерлік бригада жұмыс істейді.

МСАК ұйымдарында 4 санаттағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін 464 бригада жұмыс істейтін болады.