Оқиға шағын ғана Түрген ауылының маңында болған.
Ақмола облысында екі жылқышы боранда адасып кетті
872
оқылды

Ақмола облысының Аршалы ауданында жаңа жылдың алғашқы күні боранда жылқы іздеген екі жылқышы адасып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.  

Оқиға шағын ғана Түрген ауылының маңында болған. Ақтүтек боранда бір үйір жылқысынан қас пен көздің арасында айырылып қалған шопандар қолайсыз ауа райына қарамастан малын іздеуге бел буған. Бірақ өздері де сол беті із-түзсіз жоғалыпты. 

Жылқышыларды іздеуге азаматтық қорғаныс органдарымен бірге жергілікті атқарушы органдар да кірісті. Жоғалған жылқышыларды құтқарушылар «ТРЭКОЛ» жол талғамайтын көлігімен іздеген. Арада 1,5 сағат өткенде 1969 және 1966 жылы туған екі азамат Түрген ауылынан 15 шақырым қашықтықтан аман-есен табылды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, – дейді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. 

Жылқышылар өз ауылына жеткізілді. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы