Ол жұмыс орнында және әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттауға күдіктелді.
ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікпен ер адамды ұстады
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
635
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның жәрдемдесуімен Қарағанды облысының тұрғынын ұстады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Ол жұмыс орнында және әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттауға күдіктелді»,  делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы  2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекс 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.