Қазақстанның Халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Нұрғали Нүсіпжановқа Алматы облысының «Құрметті азаматы» атағы берілді.
Нұрғали Нүсіпжанов жаңа атаққа ие болды
3,867
оқылды

Әрі бүгін өнер иесінің туған күні, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«ҚР Халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Нұрғали Нүсіпжанұлының туған күні. Осы орайда ән өнерінің дарабозын Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлының атынан құттықтап, облыстың «Құрметті азаматы» атағын табыстадық»,  деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов 1937 жылы 5 қаңтарда бұрынғы Талдықорған облысының Гвардия ауданына қарасты Доланалы ауылында дүниеге келген.

Ол бұған дейін Қазақстан Республикасының Халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, Қырғыздың Абылас Молдабаев атындағы халықаралық сыйлықтарының лауреаты, Өзбекстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атақтарын еншілеген.