«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 15 өңірде ауа райы құбылмалы болады.
Синоптиктер он шақты өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
1,189
оқылды

Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарында боран және көктайғақ, Маңғыстау облысында да көктайғақ болуы мүмкін.

Абай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында бұрқасын, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қалың қар жауады.

Жетісу, Түркістан облыстарында жел тұрады деп болжанған.

Шығыс Қазақстан облысының батысы, шығысы мен оңтүстігінде түнде қар жауып, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын, бұрқасын болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады.