7 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 13 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
7 облыстағы 13 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді
592
оқылды

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан 7 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 13 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап. 

7 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 13 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Ақмола облысында – 2 учаске

  1. «Екатеринбург-Алматы» 1292-1353 км, Жібек жолы ААП-Қарағанды обл. шек. – 61 км.
  2. «Көкшетау-Омск» 14-50 км, Көкшетау қ. – СҚО обл. шек. – 36 км.

Жетісу облысында – 1 учаске

1.«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.- Достық ст. – 100 км.

Қарағанды облысында – 5 учаске

  1. «Екатеринбург-Алматы, Солтүстік Шығыс айналма жолы» 0-16 км, Пришахтинск а.-Новостройка а. – 16 км.
  2. «Екатеринбург - Алматы» 1353-1426 км, Ақмола обл. шек. – Теміртау ААП – 73 км.
  3. «Екатеринбург - Алматы» 1426-1446 км, Теміртау ААП-Теміртау қ. – 20 км.
  4. «Екатеринбург-Алматы» 1505-1854 км, Новостройка а.- Балқаш қ. – 349км.
  5. «Қызылорда-Павлодар» 970-1135 км, Қарағанды қ.- Павлодар обл. шек. – 165км.

Қостанай облысында – 1 учаске

  1. «Жезқазған-Петропавловск» 253-335 км, Ұлытау обл. шек.- Арқалық қ. – 82км.

Павлодар облысында – 1 учаске

  1. «Қызылорда-Павлодар» 1135-1258 км, Қарағанды обл. шек.- Екібастұз қ.– 123 км.

Солтүстік Қазақстан облысында – 2 учаске

  1. «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 65-194 км, Возвышенка а.-Қиялы а.– 129 км.
  2. «Көкшетау-Омск» 50-280 км, Ақмола обл. шек.- РФ.шек. – 230км.

Ұлытау облысында – 1 учаске

  1. «Жезқазған-Петропавловск» 137-152 км, Ұлытау а.-Қостанай обл. шек.-15 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.

Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 580 бірлік техника және 1012 жолшы жұмылдырылды.