Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
Бірнеше облыста республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: egemen.kz
750
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап. 

7 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 13 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Ақмола облысында – 2 учаске

«Екатеринбург-Алматы» 1292-1353 км, Жібек жолы ААП-Қарағанды обл. шек.– 61 км.

«Көкшетау-Омск» 14-50 км, Көкшетау қ. – СҚО обл. шек. – 36 км.

Жетісу облысында – 1 учаске

1.«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. – Достық ст. – 100 км.

Қарағанды облысында – 5 учаске

«Екатеринбург-Алматы, Солтүстік Шығыс айналма жолы» 0-16 км, Пришахтинск а.-Новостройка а. – 16 км.

«Екатеринбург-Алматы» 1353-1426 км, Ақмола обл. шек. – Теміртау ААП – 73 км.

«Екатеринбург-Алматы» 1426-1446 км, Теміртау ААП – Теміртау қ. – 20 км.

«Екатеринбург-Алматы» 1505-1854 км, Новостройка а.- Балқаш қ. – 349 км.

«Қызылорда-Павлодар» 970-1135 км, Қарағанды қ.- Павлодар обл. шек. – 165 км.

Қостанай облысында – 1 учаске

«Жезқазған-Петропавловск» 253-335 км, Ұлытау обл. шек. –  Арқалық қ. – 82 км.

Павлодар облысында – 1 учаске

«Қызылорда-Павлодар» 1135-1258 км, Қарағанды обл. шек. – Екібастұз қ. – 123 км.

Солтүстік Қазақстан облысында – 2 учаске

«Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 65-194 км, Возвышенка а. – Қиялы а. – 129 км.

«Көкшетау-Омск» 50-280 км, Ақмола обл. шек. – РФ шек. – 230 км.

Ұлытау облысында – 1 учаске

«Жезқазған-Петропавловск» 137-152 км, Ұлытау а.-Қостанай обл. шек. – 15 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.

Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 580 бірлік техника және 1012 жолшы жұмылдырылды.