Қымбат Досжан Жәнібектің әкесі табылып қалуы мүмкін екенін айтты.
«Әкесі болуым мүмкін»: бельгиялықтар асырап алған Жәнібекке қатысты тың мәліметтер шықты
14,532
оқылды

«Бармысың, бауырым?» бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжан әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған Эдди Жан жайында тағы бір тың ақпаратты жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қымбат Досжан Бельгияға қайтып кеткен Жәнібектің әкесі табылып қалуы мүмкін екенін айтты.  

«Мен, Жәнібектің әкесі болуым мүмкін. ДНҚ анализ тапсырайыншы» деп бір Бауыржан есімді азамат хабарласты. Бүгін Әсел Асқарқызымен бірге клиникаға барып, Бауыржан қан тапсырды. Енді нәтижесін күтеміз», – деп жазды Қымбат Досжан.

Бұған дейін Жәнібектің анасы болуы мүмкін деген 10 әйел зерттеу нысанына алынған болатын. Алайда, одан ешқандай нәтиже шықпады.

Айта кетейік, бельгиялық қазақ баласы күзде Қазақстандағы туған ата-анасын іздеп келген болатын. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген. Сол Жәнібек Қазақстанға келіп анасын іздеді. Әзірге оның туған анасы табылмады. Ал Эди Жан визасының мерзімі аяқталуына байланысты тарихи отанына оралуға мәжбүр болды