Мирас болған мол мұра. Қа­зақ бейнелеу өнерінің не­гі­зін салушылардың бірі Әбіл­хан Қастеевтің шығар­ма­лары ұлт тарихының жыл­на­масы іспеттес. Биыл қазақ қылқалам өнерінің атасы Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толды.
Сурет өнерінің саңлағы
фото: oner.kz
927
оқылды

Осыған орай алматылық кітап­хана­шылар қала оқушыларын тұл­ғасы биік суретшінің өнерімен таныстырды. Оның картиналарының ерекшелігін түсіндірді. Қастеев кең даланың тыныс-тіршілігін суретке сыйдыра алатын шеберлігімен ерекше. Қазақстанның халық суретшісінің бір ғана «Талас алқабы» және «Түрксіб» атты картинасы шетелдік өнертанушылар мен кол­лекционерлердің қызығушылығын тудырған. Осылайша, кітапханаға келген жастар Қастеев шығарма­шылығына терең бойлады.  

– Әбілхан Қастеевтің туынды­ларына, жалпы қазақ өнеріне деген қызығушылық өте басым. Өйткені өздеріңіз білесіздер, қазақы нақыш, қазақ әдебиеті, қазақ сөздері трендте деп айтсақ болады. Сондықтан да Әбілхан Қастеевтың туындыларын бүгінгі жастардың көбі біледі деп айта аламын, – дейді Алмалы кітапханасының қызметкері Әсел Советбай.