Белгілі болғандай, жертөледегі бу бөлмесінің ағаш қабырғасын жалын шарпыған.
Өскеменде монша отқа оранды
737
оқылды

Өскемен қаласында қоғамдық моншада шыққан өрт ауыздықталды, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы Якутская көшесінде жеке тұрған екіқабатты монша отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер ішке кіріп, барлау жүргізді. 

«Белгілі болғандай, жертөледегі бу бөлмесінің ағаш қабырғасын жалын шарпыған. Моншаға келушілер өз бетімен сыртқа шығып үлгерген. Зардап шеккен ешкім жоқ», – делінген ақпаратта.

 

Көп ұзамай жалпы ауданы 10 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды.

 

Жалынмен күреске жеке құрамнан 30 адам және 8 техника жұмылдырылды.