Алматыда жол апаты болды.
Алматыда ірі жол апатынан полицейлер де зардап шекті
Фото: Видеодан скриншот
1,447
оқылды

Әл-Фараби даңғылында патрульдік полиция көлігіне жол апатынан зақым келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Полицияның мәліметінше, Toyota Camry 70 жүргізушісі әл-Фараби бойымен батысқа қарай Достыққа бұрылатын жол айрығымен келе жатып, Достық даңғылына бұрылмай, тура жүрген. Жол жиегіне соқтығысқан.

Тоқтай алмай қалалық автобусты қаққан. Содан кейін көлік қайта жол жиегіне шығып кеткен. Жол шетінде тұрған полицияның көлігімен соқтығысып, аударылған. Патрульдік көлікте болған қызметкерлер, көлік жүргізуші мен оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.