Эльер Юнусметовтың туыстарының айтуынша, спортшы туған ауылында жерленеді.
Өскеменде үйдің кіреберісінде өлі табылған ер адам танымал спортшы болып шықты
2,381
оқылды

Өскеменде үйдің кіреберісінде өлі табылған ер адам спортшы болып шықты, – деп хабарлайды Massaget.kz  Yk-news.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, ер адам – жергілікті танымал спортшы Эльер Юнусметов болып шыққан. Өскемен тұрғынын 13 қаңтарда өлтіріп кеткен. Осы сәт видеоға түсіп қалған. Шақыру бойынша жеткен полицейлер Өскемендегі үйлердің бірінің кіреберісінен мәйітті тапты.

Марқұм ер адам 1990 жылы Катонқарағай ауданындағы Үлкен Нарын ауылында туған.  

"Эльер Юнусметов – жекпе-жектен (ММА) халықаралық дәрежедегі спорт шебері, кикбоксингтен спорт шебері, Кудодан спорт шебері, Әлем кубогының иегері және жекпе-жектен Еуразия чемпионы, "Катуни шайқасы" Гран-приінің иегері (Ресей Федерациясы). Ол спорттағы алғашқы қадамдарын 5 жасында бастады, қабілетті баланың алғашқы жаттықтырушысы – әкесі болды. Эльер Юнусметовтың туыстарының айтуынша, спортшы туған ауылында жерленеді", – деп жазды басылым. 

Еске салайық, Өскемен тұрғынын 13 қаңтарда өлтіріп кеткен. Осы сәт видеоға түсіп қалған.